Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған «Жазушы және өмір» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
27.03.2014 10:01

Мақсаты: оқырмандарымызға қазақ әдебиетін насихаттау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби - көркем кітаптарды оқуға тарту. Кітапханаға оқырман тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясымен таныстыру.

Шара барысында кітапхана қызметкері Сайын Мұратбековтың Таңдамалы шығармаларының 1-ші томында басылып шыққан, биылғы жылы акция аясында таңдалып алынған «Жусан иісі» атты повесіне айырықша тоқталып өтті. Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.

Шара соңында көрмеге қойылған жазушының басқа да шығармаларына библиографиялық шолу жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.