№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 метеп-кешенінің 6-8 сынып оқушыларымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-асыл айым» атты әдеби қойылымды сазды кеш өткізілді.
20.03.2014 09:50

Кеш басында кітапхана қызметкері оқырмандарға Наурыз мерекесінің тарихын айта келе, осы күнді Шығыс халықтары қалай тойлайтынына тоқталды. Ұлыстың ұлы күні, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы толық мағлұматтар берілді.

naurz8 naurz9 naurz10

Оқушылар «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Ақ мол болсын», «Наурыз құт – береке молшылық әкелсін» - деген Наурызда айтылатын тілектермен танысты. Сондай-ақ қуаныш айғағы ретінде жасалатын сұлу да салтанатты дәстүр «Шашу» рәсімі жасалды.

М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің студентерінің қатысумен қазақ халқының салт-дәстүрлері «Сәлемдесу», «Селт еткізер», «Ұйқыашар» көрсетілді. «Сәлемдесу» - төс түйістіру арқылы, адамдардың бір бірімен сәлемдесуі, көкірекке ұялаған жағымды ниеттер мен бастамаларды біріктіру ниетінен шыққан. «Селт еткізер» - жігіттер тарапынан бойжеткендерге арнайы, алдын ала, әзірленген сыйлық (білезік, сырға, айна және т.б.). «Ұйқыашар» - бойжеткендер тарапынан мереке алдында ғашық жігіттеріне арнап пісірілген дәм. Қыдыр түні кезінде бір-бірлеріне деген жарасымды әзіл-қалжыңдарымен көңіл көтеріп, шаршағанын басып, ұйқыларын ашқан.

Бишілеріміз қазақ биін, шығыс биін мың бұрала билеп, әншілеріміз Мұсағалиев Архат, Альжанова Гүлжанат «Наурыз тойы тойлансын» атты сазды әуенмен кешті көркемдеп отырды. Кешімізге Ұмай ана мен Қыдыр атамыз келіп баталарын берді. Студенттер Болысбек Абзал, Ниязбеков Ернар, Төлеубаева Сымбат әдеби монтаж оқыды. Оқырмандармен қазақтың ұлттық ойындарының бірі сақина салу ойнатылды.

«Наурыз думан-Наурыз той» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Кеш соңында «Наурыз» әні орындалып, барлық қонақтар мерекелік дастарқанға шақырылып «Наурыз көжеден» дәм татты.