Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Цемент кентіндегі кітапхана- бөлімшесінде.
20.03.2014 09:42
naurz2 naurz3 naurz4
naurz5 naurz6 naurz7

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем» атты әдеби сазды кеш «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған» мектептің 2 «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Қ.Қ.Шахманованың қатысуымен өткізілді.

Шара мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Мерекелік көңілдерін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш басында кітапханашылар әдемі музыка әуенімен қонақтарды қарсы алды. Қысқаша Наурыздың шығу тарихымен таныстырып өткеннен кейін, оқушылар хормен «Көктем» атты әнді айта отырып, ұлттық киімдермен ортаға шықты. Оқушылар кеште өздерінің ала келген Наурыз туралы тақпақтарын оқып, Ақерке «Сәулем-ай», Әлихан «Көк тудың желбірегені» әндерін орындап берді. Сынып оқушылары «Балдәурен» және «Қара жорға» билерін нақышына келтіре билеп, көрермендерге тарту етті.

Кештің жалғасын кітапханашылар «Наурыз құтты болсын!» атты слайд-шоумен жалғастырды. «Ел дәстүрін сыйлайық» атты бөлімінде қазақтың тұсау кесер салты көрсетіліп, «Аударыспақ», «Теңге алу», «Арқан тарту» ойындары ойналды. Шар ішіне жасырылған сұрақтарға балалар жауап беріп, сыйлықтар таратылды.

Шара барысында Қыдыр ата бейнесінде келген кітапхананың тұрақты оқырманы Б.Бекишев оқушыларға ақ батасын берді.

Шара соңында «Наурыз мерекесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ата-аналар даярлаған Наурыз көжеден дәм татты.

LAST_UPDATED2