14.03.2014 14:16

Н А З А Р А У Д А Р Ы Ң Ы З ! С А Й Ы С !


Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2014 жылдың 2-23 сәуірі аралығында

Халықаралық балалар кітап күні мен

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

«КІТАПХАНА, КІТАП ЖӘНЕ МЕН» тақырыбы аясында қалалық

КІТАП МЕРЕКЕСІН өткізеді.

Кітап мерекесі барысында талапты, талантты балалардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыстарға қатысуға шақырамыз:

 

«Ертегілер әлемінде» жас суретшілер сайысы:

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 1 – 4 сыныптар;
  • суреттер А-3, А-4 көлеміндегі форматта қабылданады;
  • қатысуға шынайы немесе қиялдан шыққан сүйікті әдеби кейіпкерлер суреттері қабылданады (орындау техникасы: кез келген бояу немесе жазу-сызу құралдары);
  • орындалған жұмыс 2 см көлеміндегі ақ жиектермен қапталып, суреттің оң жақ төменгі бұрышында қатысушы туралы ақпарат орналасын: аты-жөні, мектебі, сыныбы.

«Сүйікті өлең жолдары» мәнерлеп оқу сайысы:

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 5 – 6 сынып оқушылары;
  • поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу;
  • сайыс барысында қазақстандық және шетелдік авторлардың поэзиялық біртұтас туындысын немесе үзінділерін жатқа мәнерлеп оқу керек. Әрбір орындаушының оқитын өлең көлемі - 32 жолға дейін. Орындау барысында музыкалық сүйемелдеу, костюмдер мен декорацияларды пайдалануға болады.


«Кітапхана менің өмірімде» жарнамалық бейнероликтер байқауы:

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 7 – 8 сынып оқушылары;
  • сайысқа қатысушы өз жұмысында міндетті түрде «Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-не қарасты (8 кітапхана-бөлімшелері бар) кітапханаларды жарнамалауы тиіс;
  • тапсырылған жұмыста сайыскер туралы мәліметтер болуы қажет: аты-жөні (толық), жасы, мектеп, сыныбы;
  • бейнероликтер қазақ және орыс тілінде қабылданады.


САЙЫСТАРДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

  • сайысқа өтініш 14 наурыздан 13 сәуірге дейін сайыскерлердің мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде қабылданады;
  • сайысқа қатысатын талапкерлер өтініште мына мәліметтерді көрсетуі керек: аты-жөні (толық), жасы, мекен-жайы, телефоны;
  • мәнерлеп оқу сайысы екі кезеңнен тұрады:
  1. -ші іріктеп алу кезеңі сайыскерлердің мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде 15 – 17 сәуір аралығында өтеді;
  2. -ші кезең Ак.Павлов,105 орналасқан Қалалық орталық кітапханада 18 – 21 сәуір аралығында өтеді;
  • сайыс қорытындысы 23 сәуір күні сағат 11.00-де Балалар және жастар шығармашылық сарайында өтетін Кітап мерекесінде жарияланады;
  • қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;
  • жеңімпаздар сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады;
  • жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына енгізіледі www.cbssemey.kz

Сайысқа өз жұмысын жібере отырып, авторлар Ұйымдастыру комитетіне автоматты түрде оларды коммерциялық емес мақсатта пайдалану құқығын береді (Интернет, баспасөз басылымдарында жариялауға және көрмелер мен стендтерде орналастыруға). Сайысқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және рецензия берілмейді.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қалалық орталық кітапхана

Ак.Павлов көшесі, 105

тел.: 56-88-65, факс 56-01-21

 

Бөлімшелердің байланыс телефондары:

№2 кітапхана-бөлімшесі: 34-36-56

№6 кітапхана-бөлімшесі: 53-02-82

№12 кітапхана-бөлімшесі: 42-44-50

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы: 56-74-36

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 35-85-96

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі:50-25-16


LAST_UPDATED2