ОКЖ кітапханашылары 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай оқырмандарды әдебиет және өнердегі тамаша туындылармен таныстыру мақсатында әр түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып, өткізуде.
13.03.2014 11:23

Шаралардың мақсаты: ана құдіретін, оның өмірдегі алатын орнын дәріптей отырып, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету және бүгінгі таңда еліміздегі аналардың қоғамдағы орнын ашып көрсету, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру.

Қалалық орталық кітапханасында «Мерей» клубы аясында «Ана деген – алтын қазық, алтын бақ» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мерекелік шараға Д.К.Пшембаеваның жетекшілігімен Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс және С.Т.Альдибекованың жетекшілігімен Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің өнерлі жастары арасында ұйымдастырылған «Ақ ниет» атты қайырымдылық қорының белсенді студенттері қатысты.

car1 car2 car3

Шара барысында кітапхана қызметкері елдік пен ұрпақ қамын ту етіп көтере білген аналарымыздың ерлігін, кәсіп пен мамандықтың түр-түрін меңгеріп, оның ішінде техникалық кәсіпті игергендігін және қазақ спортының дамуына қосқан өлшеусіз еңбектері туралы кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Зере, Ұлжан, Ғ.Мүсреповтің «Ананың анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», соғыс жылдарында жазылған «Ер ана», «Ақлима», «Ұлпан», Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер – Ана» сияқты аяулы аналардың бойындағы сарқылмас кұдіретті күшті керемет шеберлікті жырлайтын жазушыларымыздың тарихын тауыса алмайтын көркем туындыларына тоқталып шолу жасалды.

Шара барысында көктем мерекесінің тарихы туралы ақпарат беріліп, «Гүлдердің айтар ойы бар» атты видео фильм көрсетіліп, гүл туралы қызықты аңыз айтылды.

«Ақ ниет» атты қайырымдылық қоры оқырман қауымға мерекелік ән-шашуларын тарту етсе, колледж студенттері «Ана» туралы өлеңдерін тебірене оқып берді. Халық даналығында ананы ардақтайтын асыл сөз маржандары арқылы оқырмандар арасында мақал-мәтел сайыстары ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді және Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» атты әнін хормен айтып, аналарына деген сағыныштары арта түсті.

Шара соңында «Ана - от анасы, қоғам берекесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

№6 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында №8 мектеп-кешенінің 4-5 сынып оқушыларымен «Ана өмірдің шуағы» атты поэзия кеші өткізілді. Шараға М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 2 курс студентері мен «Шанырақ күмбездерінің астында» клуб мүшелері қатысты.

f1 f2 f3

Тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі аналардың құрметіне арнап ұйымдастырылғын шара барысын кітапхана қызметкері дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралғанын айта отырып, шараны жүргізіп отырды.

Сонымен қатар шарада асыл аналарымыз туралы тамаша сөздер, мақал-мәтелдер айтылып, М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің студентері «Ана арманы» атты көрініс көрсетті. Мағауянов Архат «Ана туралы жыр», «Асыл әже» әндерімен шараны көркемдеп отырды. «Шанырақ күмбездерінің астында» клуб мүшелері аналарға арнап әдеби-музыкалық монтаж оқыды.

Шараға арнап ұйымдастырылған «Әйел-өмір тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Аталған көрмеде әр кезеңдегі арулар бейнесін сомдайтын материалдар орын алды. Яғни, ұлттық эпос ханшайымдарынан бүгінгі заманауи педагог, ғалым, әртіс, биші, әнші және спортшы жандарға дейін қамтылған.

Балалалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ана біздің күніміз!» атты көрме-вернисаждың тұсаукесері кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.

det1

Кітапхана қорында сақталған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған көрме үш бөлімнен тұрды:

1. «Ұлы даланың даңқты қыздары» атты бірінші бөлімде ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының қамын ойлаған, тарихта болған ұлы аналар туралы әйгілі сақ-массагет патшайымы Томирис-Тұмар ханым, даналықтың символына айналған Домалақ ана, Қаһарман қазақ қыздары отты жылдарда ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлованың ерліктері туралы иллюстрацияланған әдебиеттер ұсынылды.

2. «Қазақстанның өнер жұлдыздары» тақырыбындағы екінші бөлімге Кеңес Одағының халық әртісі, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова, ҚР Халық қаһарманы Роза Бағланова, халық әртісі Әмина Өмірзақова, Меруерт Өтекешова, Роза Рымбаева және қазақ сахнасының саңлағы Бекен Римова тағы да көптеген аты танымал аналар туралы кітаптар қойылды.

3. «Әдебиет пен өнердегі аналар бейнесі» атты үшінші бөлімде оқырмандардың назарына ақын-жазушылардың ана образын сомдаған шығармалары мен әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің туындылары бейнеленген суреттер ұсынылды.

Көрмемен танысқан оқырман қауым көрнекті қайраткерлердің, ардақты аналардың еңбектерімен танысып, қызығушылықтарын білдірді.

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №11 мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларымен «Анасы бар адамдар қартаймайды!» атты сазды кеш өткізілді.

Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп көзіңді ашып көретінің – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін шырылдайтын да – Ана. Ана – біз үшін пана, дара, дана тұлға. Аналарымыздың осындай қасиеттерін құрметтеу мақсатында өткізілген шарада оқушылар аналарға арнап өлеңдер оқып, ән салып берді. Шара барысында кітапханашы оқушыларға сайыс түрінде ойындар жүргізді. Олар: шаштараз конкурсы, үй бике конкурсы, тәрбиешілер конкурсы, гүлдер туралы жұмбақтар жасырылып, конкурс жүргізілді.

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Жас толқын» клубының аясында №26 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Сіз, жоғары мәртебелім-Ана» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кешке мүмкіндігі шектеулі балалар аналарымен шақырылып, Орталық мәдениет және демалыс саябағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

mir1

mir2

Кеш басында кітапханашы Ана барлық өмірдің бастауы екендігін айтып өтті. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Баласы үшін Ана ештеңеден тайынбайды. Ананың махаббатынан асқан қасиетті ештеңе жоқ. Ол баласын бар жүрегімен сүйеді. Ұлылық күш ананың махаббатында! Әйелге тағайынды ақиқат ол-ана болу.

Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана жайында жазылған кітаптар аз емес екендігіне тоқтала кетіп, кітапханашы «Ана өмірдің шуағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Шара барысында Н.Н.Мурзаханованың жетекшілігімен Тері-комбинаты мәдениет үйінің көркемөнерпаздары «Ертіс толқындары» ансамблінің концерттік бағдарламасы қатысушылар назарларына ұсынылды. Тұрсынғалиева Нұрғисаның орындауындағы «Анашым» әні, Манапова Гулімнің мың бұралған «Қазақ биі» көпшілік көңілінен шықты. Кеш соңында 1 ықшамаудан тұрғындары мерекелік шараның аналарға көтеріңкі-көңіл күй сыйлағанын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Аналарға арнаймыз» кеш атты Арнайы әлеуметтік орталықтағы тәрбиеленушілердің аналарының қатысуымен өткізілді.

shul1shul2 shul3

Шара басында кітапханашы қатысушыларға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамының шығу тарихы жайында айта келіп, олардың назарын аналар образын суреттейтін көркем әдебиет, бейнелеу өнері мен музыкалық шығармалар қойылған кітап көрмесіне аударды.

Кеш қонақтарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаған Арнайы әлеуметтік орталық қызметкері Амерханова Ж.Т кешті жалғастыра түсті. Соңынан аналарға арналып, әдеби-сазды және сайыс бағдарламалары ұсынылды. Шара слайд-шоу шеруіне ұласып, сыйлақтар тапсырумен аяқталды.

Кешті қорытындылай келе, әлеуметтік қызметкер Амерханова Ж.Т. және кеш қонағы ретінде қатысқан аналар, алдағы уақытта да, жиі бас қосып, туындаған мәселелерді бірге шешіп, басқалармен жаңа тәжірибе алмасатын, осындай көңілді демалыс ұйымдастыру шаралары қажет екендіктерін айтып, алғыстарын білдірді.

№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Общение» клубының 8 наурыз мерекесіне арналған «Ұлы мәртебелі ханым» атты отырысы өткізілді.

f12

Кітапханашы кіріспе бөлімінде аналарды мерекелерімен құттықтап, аналарға арналған өлең оқыды.

Кітапханашы әрі қарай әлемдегі ең ерекше әйелдер жөнінде, қабілетті, бірегей тұлғалар туралы әңгімеледі. Мысалы, «әлемдегі ең кәрі жүргізуші әйел», «ең тез оқитын әйел», «әлемдегі ең жіңішке бел» және т.б. Әңгіме слайд көрсетілумен жалғасты.

Келесі тапсырма слайдтағы әйгілі кино және эстрада жұлдыздарының бет-әлпетінің қөріністеріне қарап кім екенін табу керек болды.

Оқырмандарды мерекелерімен құттықтауға балалар келді. Исмагилова Зарема би билесе, ал Қызырбек Ділда «Менің әжем» атты тақпағын оқыды.

Орталық қалалық кітапханада қазақ киносының Анасы атанған, белгілі киноактриса, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың 95-жылдығына арналған «Өнерге арналған өмір» атты портрет кеші өткізілді. Шараға Байланыс және радиотехника колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: өмірі қызықты, өлкеміздің беделді, талантты сахна саңлағы, өмір жолы өнермен өрнектелген тұлға Әмина Өмірзақованың шығармашылығымен таныстырып, жас ұрпаққа насихаттау.

Кіріспе бөлімінде тыңдаушылар Әмина Өмірзақованың есімі тек біздің елімізде ғана емес, ТМД елдерінде де кеңінен танымал, біздің өлкеміздің түлегінің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырылды. Әмина Өмірзақова десе алдымен көз алдымызға А.Карповтың «Ана туралы аңызындағы» Ана бейнесі, «Тақиялы періштедегі» аңқылдаған Тана апай келері анық.

mat1 mat2 mat3

Өнердегі бүкіл ғұмырында ол кісі 50-ден астам кинофильмге түсіп, 100 ден аса рөлдерді сомдаған. Сол сияқты театр сахнасында да тамаша рөлдерімен аты тарихта өшпестей болып жазылғаны анық. Әмина Өмірзақова Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының табалдырығын 1946 жылы аттаған екен. Өмірінің соңына дейінгі мағыналы ғұмырын аталмыш театрға арнаған.

Көпшілікке Тайлақтың анасы ретінде есте қалған Әмина Өмірзақова көзі тірі болғанда биыл 95 жасқа толар еді. Қанша қиын-қыстау заманды басынан өткерсе де, Әмина Өмірзақова – театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант. Талант иесі осыдан сегіз жыл бұрын, 87-ге қараған жасында дүниеден озған болатын.

Осы шараға арнайы ұйымдастырылған «Сахна саңлағы» атты ашық көрмеге библиографиялық шолу жасалып, Әмина апамызға арналған «Жарқын бейне» атты деректі бейнефильм көрсетілді.

Қалалық орталық кітапханасының Қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында «Заман және қаламгер» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесерге Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» атты көпактылы пьесасы үшін «Атилла» медалімен марапатталған, жазушы, ақын М.Р.Сұлтанбеков пен М.Ж.Ажибаева жетекшілігімен көлік колледжінің студенттері қатысты.

Шараның мақсаты: оқырмандардың әдеби көркем тілде сөйлеп, сөздік қорларын жетілдіруде Сайын Мұратбеков шығармаларының маңызы зор екенін таныту; кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шара барысында кітапхана қызметкері акцияның тарихымен таныстыра отырып, жыл сайын таңдалынған шығармаларға оқырмандардың қызығушылықтары арта түскенін айта келе, қазақ прозасының алтын қорынан саналатын санаулы саңлақтардың бірі Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып, ауқымдала түсуде. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған атақты жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары жыл кітабы болып таңдалды.

Қазақ прозасындағы Бейімбет салған мектепті жаңа бір көркемдік биікке көтерген хас суреткер Сайын Мұратбековтың шығармаларының басты тақырыбы мен өзекті мәселесі – ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, рухани тазалығын психологиялық этюдтермен бейнелеп өрнектеуі. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын көркемдейтін шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар ҚР Ақпарат министрлігінің әлеуметтік маңызды әдебиет тізіміне енгізілген 2010 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С. Мұратбековтың «Басында Үшқараның ...», «Запах полыни» атты кітаптары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Қазақ прозасында орны айқын жазушының шығармашылығы туралы Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, ақын М.Р.Сұлтанбеков өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін Сайын Мұратбековтың туындылары бүгінгі оқырмандарымен қайта жүздескеніне өз қуанышын білдіре отырып, «Жусан исі» атты шығармасына тоқталып, өзінің жазушылық ойын айтып өтті.

Қатысушыларға экраннан «Шалқар даланың Сайыны» атты бейнефильм көрсетіліп, кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

LAST_UPDATED2