Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №11 мектептің кітапханасында «Ұланымыз ұлы елдің» атты тәрбие сағаты «Атамекен» клубы мүшелерімен өткізілді.
06.03.2014 15:35

Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, балалар ұйымымен және «Жас ұлан» ерлер лицейімен таныстыру.

Кітапханашы оқушыларды «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2011 жылдың 6 шілдесінде құрылғандығы туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол осы ұйымның мақсаттары жөнінде ақпарат берді, олар: өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуеті, тарихы, мәдениеті, Қазақстан халықтарының тілдерін білуі, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділіктерін көтеру, баланың тұлғалық дамуы, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке баулу. Бірлестіктің «Жас Қыран» атты кіші звеносына 1-4 сынып оқушылары, ал ересектер звеносына 5-11 сынып оқушылары қабылданады.

Семей қаласындағы «Жас ұлан» тұңғыш ерлер лицейінің тәрбиеленушілері өздерін қазақ батырларының даңқты ерліктерін, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің қаһармандықтарын, интернационалист-жауынгерлердің ержүректілігін жалғастыратын ұрпақтары ретінде санайды.

1995 жылдың сәуір айында жалпы білім беретін мектеп пен әскери тәртіп қатар берілетін, Қазақстан Қарулы Күштерінің болашақ офицерлік құрамы дайындалатын ұлдарға арналған жаңа мектеп ашу туралы шешім қабылданды. Лицейде оқу кезінде шәкірттері әскери қызметтің негізгі талаптарын меңгеріп, Қазақстан әскерлерінің қарулары мен әскери техникасымен танысып, білімдерін толықтырады.