№12 кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Евразиялық техникалық-гуманитарлық колледжінде «Елбасымыздың жаңа Жолдауы» атты талқылау 205 топ студенттерімен өткізілді.
06.03.2014 15:32

Мақсаты: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір көзқарас, бір болашақ» Жолдауымен студенттерді таныстыру.

Кітапханашы шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің он сегізінші кезекті Жолдауында қойылған мақсаттарды шешу екі кезеңнен тұратыны жайында ақпарат берді. Бірінші кезең 2030 жылға дейін, ал екінші кезең 2030-2050 жылдар аралықтарын қамтиды. Сонымен қатар ол Жолдаудың Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеясына студенттердің назарын аударды. Олар: патриотизмде, инновацияларда, геологияда, ауыл шаруашылығында, ғылымда, аумақтық дамуда, көлікте, энергетикада, ШОБ (шағын және орта бизнес), экономикалық дамуда екендігін атап өтті. Осы идеяларда қойылған тапсырмаларды орындау елімізді жарқын болашаққа бастайды. Олар: экономика мен ауылшаруашылығында жаңа салалардың құрылуы – нано-және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, болашақ энергиясы.

bewaa2

Студенттер ҚР Президентінің халыққа Жолдауына қызығушылық танытып, Қазақстан халқының алдына қойған Елбасы талаптарына ерекше тоқтала келіп, өз ойларын, көзқарастарын ортаға салып, белсенділікпен талқылады.

Студент Жакупова Алина бірінші басымдық бойынша өз ойын айта келіп, сирек кездесетін жер асты металлдарын өңдеп жандандыру керектігін және ғылымды қажетсінетін салалар - электроника, лазерлі техника, медициналық жабдықтарын ұлғайту керек екендігін айтты.

Белянков Никита өзінің екінші басымдық туралы сөздерінде - агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық рельстерге көшіру жөнінде ерекше назар салу керек екенін атап өтті. Ауылшаруашылығы – ол біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікпен қамтамасыз ету жалғасын табуда. Өйткені қазіргі фермерлерге әлемдік стандартпен өндірісті дамытып алғашқы технологияларды енгізу қажет.

Студент Мұқанов Серіктің ойы барлық студенттердің қызығушылығын тудырды. Ол Жолдаудың төртінші басымдығы жөнінде жігерлене айтып берді; инфраструктуралық трада-агломерациясы, көлік, энергетика, урбанистикалық орталықтардың дамуы, Қазақстанның үлкен қалалары (дәл осы қалалар өздеріне инвестицияны, халықты, сапалы білім мен медицинаны, мәдени қызметтерді тартады) көлік инфрастурасы, логистикалық қызмет, энергетика, көлік және темір жол құрылысы, атом станциясы – барлығы төртінші басымдықта айтылады.

Алтыншы басымдық студенттер үшін жақын және түсінікті болып келеді. 21 ғасырда дамыған мемлекет – ол белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтары бар ел. Онда: 3-6 жастағы балаларды мектепалды даярлығымен 100-пайыз қамту, ұлттық кәсіби техникалық білім беру жүйесі, үш тілді білу: қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері, сыни ойлау дағдысы, ақпараттарды терең талдау, үлгерімі жоғары студенттерді қолдау, медициналық сақтандыру, спортпен шұғылдану, алдын-ала тексерілу – мықты денсаулықтың негізі екендіктері атап көрсетілген. Бұл басымдықпен студент Текебаев Темирлан таныстырып өтті.

Іс-шараның соңында кітапханашы Президент Жолдауындағы 10 қызықты деректерді айтып өтті.

LAST_UPDATED2