Қалалық орталық кітапханада «Гендерлік саясат бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты маманмен кездесу Авиценна атындағы медициналық колледж студенттерімен өткізілді.
06.03.2014 15:29

Мақсаты: студенттердің құқықтық білімдерін арттыру, «2006-2016 жылдарғы Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясымен» және оның негізгі принцитерімен таныстыру.

Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде қоғамдық өмірдің барлық саласында гендерлік теңдік принциптерін жүзеге асыру мақсатында негізгі құжат «2006-2016 жылдарғы Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясы» бекітілгендігі жөнінде айта отырып, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан істер туралы мәліметтер берді.

 

bewaa

Бұдан соң сөз кезегі «Отбасы орталығы» Қоғамдық қорының психолог-маманы Н.Ә.Қуандықоваға берілді. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласында әйелдер мен ерлердің, яғни саясатта, экономикада, білім алуда, отбасында, денсаулық сақтаудағы құқықтары аталған стратегиялық құжатта тең қарастырылатындығын және әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтауда, оларға зорлық-зомбылық көрсетуге жол бермеу мәселелерін шешу жолдары көрсетілгендігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар Назым Әшімқызы әйелдер соңғы уақытта ерлермен теңдікті жиі талап етіп, қоғамда ерлердің орнын басып, әйел нәзіктігі жайында ұмытып кететіндігі жайында сөз қозғап, бұл дұрыс па деген ой салды. «Неліктен әйелдер ерлермен тең, тіпті олардан жақсырақ болып, қоғамдағы жауапкершілікті өздеріне алғысы келеді? Шынымен қоғамда қалыптасқан көзқарастарды бұзу қажет пе? Бұл туралы Сіздер қалай ойлайсыздар, қоғамда, отбасында әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік жайында не айтасыздар?», - деп қатысушыларға сауал қойды.

Шараға қатысқан оқырмандар: Гендерлік теңдік дегеніміз не? Біздің мемлекетімізге керек пе? Гендерлік саясат қайдан шықты?, - деген сауалдар төңірегінде әңгіме қозғап, талқыланды.

Сонымен бірге шара барысында «Қазақстандағы гендерлік саясат» атты слайд көрсетіліп, «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.