Құжыманов Тельман
25.02.2014 16:20
telman

Әнші.

1966 жылы 15 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген.

1974-1984 жылдары Ақсуат қазақ орта мектебінде оқып, 1985-1987 жылдары әскери борышын өтеген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өнер және музыка факультетін тәмамдаған.

1987-1989 жылдары Семейдегі Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филормонияда әнші болды.

1989-1991 жылдары Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк студиясында Қ.Байбосыновтың сыныбында оқыған.

1991-1994 жылдары «Отырар сазы» оркестрінде әнші болып, 1994-1998 жылдары Ықылас Дүкенұлы атындағы ұлт-аспаптар мұражайында қызмет еткен. 1998 жылдан Астана қаласы мемлекеттік филормониясының әншісі.

1992 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының лауреаты.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 237.