Құжыманов Жоламан
25.02.2014 16:15
jolaman

Әнші.

1958 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Семей технологиялық институтын бітірген. Семей облысының Абай атындағы сазды драма театрында қызмет істеп, Әміре Қашаубаев атындағы филармониясында әнші болған. Қазір Алматы қаласы «Сазген сазы» ансамблінің әншісі.

Республикалық өнер байқауларының лауреаты.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 236-237.