Кужыманов Ерлан
25.02.2014 14:56
kujimanove

Әнші.

1969 жылы 4 ақпанда бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

1986 жылы орта мектепті бітіріп, 1986-1994 жылдары Қарағанды пединститутының көркемсурет факультетінде білім алды.

1994-1996 жылдары осы институтта, 1996-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің философия-психология факультетінде ұстаздық етті. Қазақ философиясының тарихы, мәдениеттану, дінтану пәндерінен дәріс оқыған.

2004-2007 жылдар аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің музыка факультетін тәмамдады.

Арқа өңірінің әлі де халыққа танылмай жатқан ақын-композитарларының шығармаларын зерттеп, Қазақ радиосының «Алтын қорына» тапсырған. Дүниежүзілік өнер фестивальдерінде (Франция, Австрия, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея) қазақ өнерін, мәдениетін насихаттап келеді.

1992 жылы Алматы қаласында студенттер арасында өткен «Студенттер көктемі» атты республикалық байқауында бас жүлдені жеңіп алған. 1995 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық Ә.Қашаубаев атындағы, 1997 жылы Тараз қаласында өткен халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауларының жеңімпазы.

1998 жылғы «Шабыт» фестивалінде ән байқауы бойынша 1-ші орын алып, Ж.Елебеков атындағы республикалық әншілер байқауында лауреат атанды.

Республикалық М.Бапиұлы атындағы байқаудың жеңімпазы.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 236.

LAST_UPDATED2