Кәрменов Жәнібек
25.02.2014 14:27
karmenov

Әнші, жазушы.

1949 жылы 22 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді.

Алматы эстрада-цирк өнері студиясын Ж.Елебековтің сыныбы бойынша және ҚазМУ-ді бітірген. Дарынды әнші «Өнер» баспасында редактор, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

Ән өнерінде ерекше орны бар, артына өшпейтұғын із қалдырған күміс көмей әнші көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты.

Кезінде Қазақ радиосы мен теледидары арқылы А.Сейдімбекпен бірге халық әншілері мен әншілік дәстүр туралы хабарлар жүргізді.

Өнер тақырыбына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні», тағы басқа кітаптары жарық көрді.

Қазақстан Комсомолы сыйлығының (1984) иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1990). 1996 жылы есімі Қарауыл ауылындағы музыка мектебіне берілді.

1992 жылы 22 маусымда дүниеден озды.

LAST_UPDATED2