Забирова Толқын
25.02.2014 14:27
zabirova

Эстрада әншісі. 1970 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын және аспирантурасын бітірген.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет істеді. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокалдық-педагогикалық практика пәнінің оқытушысы.

«Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996) және «Әлібек Дінішевтің театры» (Алматы қаласы, 1998) атты халықаралық байқаулардың, бірнеше халықаралық эстрада байқауларының лауреаты.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 226.

LAST_UPDATED2