Қызмет көрсету саласы колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Елбасы Жолдауы - елдің қамы» атты ақпарат сағаты №2 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
19.02.2014 15:12

Мақсаты: Жолдауды жан-жақты талқылап, ой бөлісу, студенттерге Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру, Жолдаудың негізгі 7 бағыттарын түсіндіру.

3 4 5

Кітапхана қызметкері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы туралы, Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналғандығы туралы айтып кетті.

Жолдауды талқылауға қатысқан колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әмержанова Н.Т. студенттерге Елбасы Жолдауында көрсетілген бағыттарын орындап, жүзеге асыру туралы өз ойын қорытындылап, кітапхана қызметкерлеріне өзекті ақпарат бергендері үшін алғысын білдірді. Студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат сағаты «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты кітап көрмесіне қойылған мерзімді басылымдар беттеріне библиографиялық шолумен аяқталды.