В новости 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай №2 кітапхана-бөлімшесінде Қызмет көрсету саласы колледжінің 2-курс студенттері, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған интернаттың 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауғанстан – жүректегі жара» атты таным сағаты өткізілді.
15.02.2014 17:12

Таным сағаты Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысында, қаншама жас қыршынан қиылып, мүгедек болып оралғаны жайында және олардың ерен ерліктері жайлы, жалпы Ауған соғысының қысқаша тарихына кітапханашы тоқталды.

Ауған соғысының ардагерлері Әбуев Әлібек Тілебалдыұлы, Идрісов Ерсін Әлібекұлы таным сағатынының қадірменді қонақтары болды. Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры, бөтен елде өздерінің ел алдындағы әскери борышын өткізгендіктері, жауынгерлер өздерінің бастарынан кешкен қиын да ұмытылмас күндерін еске алып, жастарға әңгімелеп берді. Бүгінгі жастарымыз ондай сұмдықты көрмесін, еліміздің бейбіт өмірінің әрбір сәтінен рух алып, келешектің мызғымас іргесін құруға атсалыссын, - деген тілектерін білдірді.


afganis1 afganis2 afganis3

Таным сағатында «Ауған соғысының қасіреті» атты слайд, «Алып шаһар» публицистикалық видеосы қатысушылар назарына ұсынылды.

«Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттері бойынша шолу жасалды.