Ешекеев Мәдениет
07.02.2014 14:58

Ешекеев Мәдениет

(1936-1997)

eshekeev

Мәдениет Ешекеев 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған. 1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мәдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертке» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға дейін Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етті.

Ешекеевтің даусы әсем үнді, кең диапазонды, лирика-драмалық тенор. Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кененнің, сазгерлер Ә.Еспаевтың, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б. шығармалары кеңінен танылған. М.Ешекеев әсіресе, Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. Әнші М.Ешекеев «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ресейде, Моңғолияда да өнер көрсетті. Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.

Әншінің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржанның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б. әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов», - дейді Абай мұражайының бас шырақшысы Т.Ибрагимов. Халқымыздың біртуар таланттарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген екен: «...Мәдениет - халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз...».

М.Ешекеев жастардың ұстазы, Республикалық Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі болды. Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды. Ол әр буында, әр ғасырда өткен өмірдің таразысы, жанды бейнесі болып ыстық тартады. Мәдениет Ешекеев те осы атқа, осы құрметке лайық.

Әдебиеттер:

Кәкімұлы, Қ. Бұлбұл үнді бозторғайым : эссе [Мәтін] / Қ. Кәкімұлы // Семей таңы. - 2012. 14 ақпан. - Б. 5.

Кәкімұлы, Қ. Қазақ әнінің Құлагері [Мәтін] / Қ. Кәкімұлы // Ертіс өңірі. - 2006. - 2 тамыз. - Б.8.

Кәкімұлы, Қ. Бозторғайдың үніндей үзілдіруші еді... осы біз Мәдениетті ұмытып кеткен жоқпыз ба? [Мәтін] : [Әнші Мәдениет Ешекеевтің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында] / Қ. Кәкімұлы // Дидар. - 2012. - 20 ақпан. - Б. 5.

Момынұлы, П. Тау жаңғыртқан талант [Мәтін] / П.Момынұлы // Семей таңы. - 2011. - 9 тамыз. - Б. 3

Мұхаметқалиұлы, У. Мың қиынды мұң көрмей жеңген Мәкең... [Мәтін] / У. Мұхаметқалиұлы. // Ертіс өңірі. - 2006. - 13 желтоқсан.

LAST_UPDATED2