№12 кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Евразиялық гуманитарлық техникалық коллежінде «Әйел. Қоғам. Заң» тақырыбында ақпарат өткізілді.
07.02.2014 09:04

Мақсаты: жастарды құқықтық сауаттылыққа, әйелдерге құрмет пен ізет көрсете білуге тәрбиелеу, ҚР-ның гендерлік саясатын жан-жақты түсіндіру.

new1.1new1.2

Іс шара басында кітапханашы ҚР Конституцияның негізгі баптарына және «Отбасы және неке», «Адам құқығы декларациясы», «Бала құқығы конвенциясына» қысқаша шолу жасап, Қазақстан әйелдерінің құқықтық жағдайына егжей-тегжейлі тоқталды. ҚР Заңдары әйелдердің әлеуметтік дамуына, олардың әлеуметтік жағдайының төмендеу үрдісіне әсер етіп қарсы тұра алады. Әйел құқығы мәртебесі елімізде - қоғамымыздың қалыпты деңгейін анықтайды.

Осы іс-шарада сұрақтар қойылып, оған студенттер жауаптарын берді. Студенттер Конституцияның баптары, бала, отбасы, әйел құқығы туралы Заңдармен танысып, көптеген мағлұматтар алды.

Көптеген сұрақтарға студенттер дұрыс жауап бере білді. Қиындық тудырған сұрақтарға кітапханашы өзі жауап берді.

Қойылған сұрақтарға нақты жауап берген студенттердің бірі Жакупов Ержан. Ол «дискриминацияның әйелдерге қатысы» ұғымын ашып түсіндіре білді және ҚР Конститутциясының 14-ші бабында жыныстық дискриминацияға тиым салынғандығы жөнінде айтып өтті.

«Гендерлік қатынас», «гендерлік саясат» ұғымдарын студент Байжұманова Жанерке түсіндіріп берді. ҚР-дағы балалар құқығының жағдайы және оларды сексуалдық қысым көрсету түрлерінен қорғау түсінігі қиындық тудырды. Бұл жерде ҚР-ның Қылмыстық кодексінің баптарына жүгініп, жауаптарын таба білдік. Әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың түрлері туралы сауалдарға, студент Мелихова Оксана жауап берді. Ол зорлық-зомбылықтың түрлерін, себептерін және олардан қорғану әдіс-тәсілдерін айта кетті.

Іс-шара қызықты өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды зейін қоя тыңдап, оларға жауап берді. Шара соңында «Әйел. Қоғам. Заң» атты кітап көрмесіндегі құқық саласындағы әдебиеттерге шолу жасалды.