№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларымен және М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 3 курс студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты ерлік сабағы өткізілді.
06.02.2014 15:59

Шараның мақсаты: оқырмандарға ауған соғысының шығу себептері мен оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктерімен таныстыру. Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, оқырмандарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлерінің есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

mer1 mer2mer3

Шара өту барысында кітапхана қызметкері: «Тарих парағын ақтарғанда түрлі соғыстар туралы оқитынымыз рас, соғыс әділетсіз болса да әр ғасырдың тұсындағы тарих беттерінен өшірілмейді, әр соғыстың тұтқыны, құрбаны, батырлары болатыны да хақ, XX ғасырда да біраз соғыстар дүниені дүр сілкіндіргені белгілі, соның бірі - кеңестік дәуір тұсында солақай саясаттың салдарынан басталған Ауған соғысы, ол қаншалықты әділетсіз әрі мағынасыз болғанымен, тарих беттерінде өз ізін, таңбасын қалдырды», - дей келе Ауған соғысының қысқаша тарихына тоқталып «Ауған ақиқаты» атты баяндамасын оқыды.

Сонымен қатар Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, батылдық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман интернационалист-жауынгерлеріміздің есімдерін атап өтті.

Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың шығармасы желісінде «Мен көрген соғыс» атты деректі фильм түсірілгені туралы айтылып, бейне баян көрсетілді.

№8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушысы Низан Абылай «Қазақ деген ел қайда?», М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 3 курс студенті Мұсағалиев Архан «Өз елім», «Қазақтың жігіттері» атты патриоттық әндерімен шараны көркемдеп отырды. Сонымен қатар осы мектептің оқушылары әдеби монтаж оқыды.

Шара соңында кітапхана қызметкері «Ауғанның от жалыны» атты тақырыптық сөреге библиографиялық шолу жасап, қатысушыларды әдебиеттермен таныстырып өтті.

LAST_UPDATED2