№2 кітапхана-бөлімшесінде №35 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты денсаулық сағаты өткізілді.
06.02.2014 15:17
06.02.14

Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға тәрбилеу.

Нашақорлық – ғасырымыздың дерті, ұлтымызды азғындап, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде, көкнәр, зығыр, гашиш, морфин, кокаин, апиын, героин.

Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар екені, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түпкірінде өсірілетіндігі жайлы кітапханашы айтып берді. Денсаулық сағатына қатысқан оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, болашағын ойлайтын адам ешқашан есірткіні пайдаланбайтынын, өзін-өзі нашаның мастығымен алдамайды, денсаулығын сақтап қоғамда белсенді азамат болуды қалайтындарын айтты.

Денсаулық сағаты «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолумен аяқталды.

LAST_UPDATED2