2014 жылдың 17 қаңтарында Елбасы Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады.
30.01.2014 23:57

1Осыған орай ОКЖ кітапхана-бөлімшелері осы маңызды құжатты насихаттау, талқылау, түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе отырып әртүрлі іс-шаралар өткізуде.

Бұл шаралардың мақсаты: ҚР Президентінің Жолдауын талқылап, түсіндіру, оқырмандарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, олардың елге деген мақтаныш сезімін ояту.

Солардың бірі: №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында Еуразиялық гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен «Елбасының халыққа Жолдауы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.

Оқу залында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Жолдау мен оның басты бағыттары туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар қойылды.

Тұсаукесер барысында Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндіріліп, осы саяси құжаттың маңыздылығы айтылды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қазақстандықтардың өмірін жақсартатын, күннен-күнге елімізді көркейтетін нақты жоспар. Бұл стратегиялық құжат адамдардың негізгі мақсаттарын жоғалтпай, күнделікті қажетті сұрақтарын шешеді. Жолдауда сондай-ақ 30 дамыған елдер қатарына кірудің жоспары белгіленген.

Жолдаудың «Мәңгілік Ел» атты бөліміне ерекше назар аударылып, өркендеген болашаққа бағыт ұстаған Қазақстанның негізгі ұлттық идеясы туралы студенттерге түсініктеме берілді. Ел болашағы жастар болғандықтан Жолдауда қойылған мақсат-міндеттерді орындауда алдағы уақытта мемлекет оларға үлкен сенім артатынын колледж студенттері өз сөздерінде айтып, келешекте кемел біліммен ел үмітін ақтаймыз деген сенімдерін білдірді.

Сонымен қатар «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына байланысты талқылау Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №1 мектептің 8 сынып оқушыларымен өткізілді.

Кітапханашы бұл Жолдаудың «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған қарқынды мақсаттарды ашып, дамыта түсетіндігін айтты.

Негізгі мақсат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін қабылдау. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы, болашағымызға бағдар беретін, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея.

«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!

Жолдауға байланысты слайд-тұсаукесері дайындалып, оқушыларға «Егемен Қазақстан» атты бейнефильм көрсетілді. Бұдан соң оқушылар оқу-білім туралы, болашақта қандай жұмыс атқара алатындығы және Қазақстанның болашағына байланысты сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Талқылау өте қызықты өтті. Талқылау барысында оқырман өзіне қажет мәліметтерді ала алды.

Жасөспірімдердің өз ойларын білдіріп, талқыға сала білуі қуантарлық жағдай. Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар жастар бойында нық азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді. Жастар – еліміздің болашағы, сондықтан елімізді көркейтетін жастарға Президенттің сенімі мол.

Талқылауды түйіндей келе, кітапхана қызметкері: «Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру еліміздің дамуындағы биік жеңістерге жеткізетініне біз сенімдіміз. «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау – Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық парызы мен борышы деп білеміз. Біз барша қазақстандықтарды Елбасы алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру мақсаттары айналасында ұйысуға, жұдырықтай жұмылуға шақырамыз!», - деп, шараны қорытындылады.

 

2 3

 

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы кезекті Жолдауын таныстыру және талқылау аясында №18 мектептің ұстаздары ұжымымен «Еліміздің даму стратегиясы іс жүзінде» атты дәріс өткізілді.

Мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде, бір болашақ» бағдарламасын талқылау.

Кітапханашы өз сөзінің басында «Қазақстан-2050» стратегиясы жаңа Қазақстанның «визит карточкасы» екендігін атап өтті. Осы стратегия негізінде Үкімет жұмысының кең ауқымдағы экономиқалық және әлеуметтік мәселелерді шешу және іске асыру жолындағы бағдарламасы жасалды.

Өскелең ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініуі ең маңызды екендігі айтылды. Педагогтарды білім беру саласындағы басымдылықтар ерекше қызықтырды. Ұстаздар қауымы алтыншы бағытта көрсетілген – ерекше сапалы білім беру жүйесі тақырыбын асқан қызығушылықпен талқылап, пікір таластырды.

Мысалы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Нұрахметова: «Мемлекет басшысы белгілеген білім беру саласындағы тапсырмалардың көпшілігін біз шешеуіміз керек. Олар: оқыту әдісін модернизациялау, білім берудегі онлайн жүйесін дамытуға қатысу, дистанциялық оқытуды енгізу. Осындай мемлекетте, осындай Президентпен, қиындықтарға қарамастан міндеттерді орындап, жеткен табыстарды баянды етіп, барлық алға қойылған мақсаттарға жете аламыз деп ойлаймыз», - деп, өзінің пікірін білдірді.

Осы шараға арнайы «Жаңа Жолдаудан – жаңа жетістіктерге» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, оған мерзімді басылымдар қойылды.