Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз өлкесінің бірлірлері» атты өлкетану турнирі өткізілді.
26.01.2014 22:59

Мақсаты: оқушылардың туған өлкесіне, еліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Шараны жүргізуші кітапхана қызметкері сөзінің басында «Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ, біз оны өз бабаларымыздан қарызға алдық» деген ежелден жеткен данышпандық ойды айта кетті. Әрине, біз Шығыс Қазақстанда тұрамыз, сондықтан өз өлкемізді сүйеміз. Қалай өзіңнің туған жеріңді, тұрған жеріңді сүймеске! Адам мейлі тағдырдың айдауымен болсын, қандай жағдайда да жырақта жүрсе де, оның топырағын басқан туған жері мәңгі жүрегінде болады. Туған өлкең сен үшін ең бай өлке. Оның адамдары, жері, тіпті жан-жануарларына дейін саған қымбат дүниелер. Табиғаттың берген байлықтарын, қорғап көзіміздің қарашығындай сақтай білейік.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан әдеби өлке. Бұл өлкенің тарихы көптеген атақты ақын-жазушылар есімімен байланысты екенін айта келіп, әңгімесін слайд-тұсаукесерімен жалғастырды. Содан кейін оқушылар командаға бөлініп, «Өз өлкесінің білгірлері» атты турнирде белсенділік танытты. Турнир 4 кезеңнен тұрды.

1 кезең: Дұрыс жауабын табыңдар? (Атақты жазушылардан кімдер Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында тұрған?)

2 кезең: Кім көп..? («Қорық» - «Заповедник» сөзіндегі әріптерді қолдана отырып, кім көп сөз құрастыра алады?)

3 кезең: Дұрыс жауабын тап?

4 кезең: Мақал-мәтелдер аукцион викторинасы.

Турнирде қойылған сұрақтарға оқушылар асқан қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді.

Қорытынды ретінде өткен аукцион-викторинасында әр командадан 2 оқушы қатысып, туған өлке туралы мақал-мәтелдер айтып сайысқа түсті.


1 2