Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Туған қалам Семейім!» атты виртуалды саяхат №17 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілді.
26.01.2014 22:54

Шараның мақсаты: оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, қала тарихымен, тарихи-мәдени көрнекті орындарымен таныстыру.

Кітапханашы шара барысында 2018 жылы Семей қаласының 300-жылдығы аталып өтетіндігін, туған қаламыздың тарихи-мәдени ескерткіштері мен мұражайлары және т.б. көрнекті орындары туралы слайдтар көрсете отырып кең мағлұмат берді. Оқушыларды туған өлкеміздің танымал тұлғаларының өмірі және шығармашылықтарымен таныстырып өтті.

Қазіргі Семей - ақжарқын, жылышырыйлы және еңбекқор тұрғындары бар қала. Ол - сәулетті ғимараттары, алаңдары, театр, музейлері, жасыл ағаштармен және гүлдермен көмкерілген саябақтары мен сквер, көшелері бар мекен.

Соңынан виртуалды саяхат барысында берілген ақпараттарды бекіту мақсатында «Семей қаласының ескерткіштері» атты слайд-викторина экран арқылы жүргізілді. Кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Туған қалам, Семейім!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


1 2