№12 кітапхана-бөлімінің оқу залында №27 мектептің 9 сынып оқушыларымен «О, спорт, сен - өмірсің!» атты викторина өтті.
26.01.2014 22:48

3Мақсаты: жас жеткіншектер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорттық Олимпиадалар және олардың шығу, даму тарихы туралы мағлұмат беру.

Іс-шараның кіріспе бөлімінде кітапханашы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануда спортпен айналысудың маңызы және түрлеріне тоқталып өтті. Олимпиаданың шығу тарихы мен оның қазіргі уақытқа дейін қалай дамығаны туралы айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанның олимпиадалық чемпиондары туралы әңгімелеп берді.

Соңынан оқушылармен спорт туралы викторина өткізілді. Қатысушыларға салауатты өмір салты, спортшылар туралы және спорттың түрлері туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар қойылған сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріп, белсенділік танытты. Сұрақтар төмендегідей болды:

  • «Қазіргі Олимпиаданың ұраны қандай?»
  • «Ертедегі гректердің ұзындықтың өлшемі атауынан алынған спорттық ғимараты».
  • «Шахматқа неше жыл?» және т.б.

Іс-шара барысында «Заманауи Олимпиадалық козғалыстардың тарихы» атты бейнеролик көрсетіліп, ашық кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалынды.