№42 жанында интернаты бар жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлағат» клубының отырысы аясында «Қазақстан – тәуелсіз, байтақ елім» атты таным сағаты №2 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
21.01.2014 00:55

1Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының жетістіктерімен таныстыру, Отанын сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, қайрымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Ежелден еркіндік аңсаған еліміздің сан ғасырлар бойы қасиетті күресінің, ата-бабаларымыздың аққан қаны мен төккен терінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізгендігі жайлы, дербес мемлекет ретінде әлемге танылғандығы жайлы кітапхана қызметкері баяндап берді.

Таным сағатында «Егемен елім - ер жетті» атты брейн-ринг ойыны оқушылар арасында ойнатылды.

«Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттер мен мерзімді