№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің ұстаздарына арнап «Патриот» насихаттау тобының аясында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты дәріс өткізілді.
21.01.2014 00:51

Дәрістің мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оның қалың бұқараны сара жолға, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін оқырмандарымызға жеткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясының материалдарымен таныстырып, тарихи маңыздылығын көрсету.

Дәріс басында кітапханашы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының басты бағыттары мен Ұлт Көшбасшысының Қазақстан үкіметі мен халқының алдына қойылған міндеттері жайында айтып, ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне тоқталды.


3 4

Бұдан соң дәріскер 2013 жылдың 24 сәуір күні Елордамыз Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясы туралы ақпарат берді. Бұл сессияда тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт көлемінде әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілікте, достықта, теңдікте өмір сүріп жатқандары айтылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан - этностық жанжалдардан азат аумақ. Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды. Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың басты нәтижесі міне, осы!», - деп атап көрсетті.

Дәріс барысында №8 мектеп-кешенінің ұстаздары көпұлтты Қазақстан халқы - бейбітшілікте, достықта, өзара түсіністікте, келісімде, шыдамдылықта, тең құқылы екендігін айтып өтті. Тек біздің елімізде Президенттің күш салуы арқасында әртүрлі ұлт және дін өкілдері өздерін жайлы сезінеді. Әркімнің өз ана тілін, ата-бабаларының мәдениетін, салт-дәстүрін білуге мүмкіндіктері бар. Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері Парламентке де мүше бола алады. Мерейтойлық ХХ сессияның тақырыбы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп бекер аталмаған. Өйткені барлық қазақстандықтар қорытынды шығара отырып, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасындағы міндеттерді бір кісідей