Қалалық орталық кітапханада «Елбасы Жолдауы - жасампаздық жобасы» атты ашық микрофон Радиотехника және байланыс колледжі студенттерімен өткізілді.
21.01.2014 00:45

Мақсаты – Қазақ елінің 2050 жылға дейінгі даму бағыттарын айқындайтын Жолдаудың тарихи маңызын түсіндіру, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттары туралы студенттердің ой-пікірлерін қалыптастыру.

Шара басында кітапхана қызметкері - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – еліміздің мемлекеттік дамуын өзгертудің аса маңызды міндеттері мен бағыттарын анықтайтын стратегиялық маңызды құжат екендігін түсіндірді. Бұл Жолдауда елдің жаңа бағыты, экономикалық және әлеуметтік саясатының жаңа принциптері, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту негізі қарастырылатындығы туралы мағлұмат берді.

Сонымен қатар ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатеріне тоқталып, еліміздің маңызды жетістіктері туралы ақпарат берді.


1 2

Бұдан соң сөз кезегі шараға қатысушыларға берілді. Студенттер дәл қазіргі уақытта біздің елімізде халықтың әл-ауқатын көтеру үшін не істеу керектігі және қоғамда болып жатқан маңызды өзгерістер жөнінен өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Олардың ойынша – білім беру, денсаулық сақтау салалары мен ҚР тілдері мен ұлттық саясатын жетілдіре беру қажет.

Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып арнайы оқу орындарында ғылыми-зерттеу және қолданбалы білім беру жүйесін құру туралы да айтылды. Ашық микрофонды қорытындылай келе кітапханашы Жолдауда белгіленген жаһандық жоба тұтас еліміздің дамуына қандай серпіліс туғызса, аймақтарға да серпін беретіндігін айтты. Ертеңгі күнге деген сенім - еліміздің алдағы жылы даму бағытына байланысты. Сондықтан біз қандай-да болмасын табыстарға жетуге сенімдіміз.

Сонымен қатар кітапханашы «Қазақстан-2050» стратегиясы» - еліміздің болашаққа бағдары» атты кітап көрмесіне қойылған Жолдауға байланысты мерзімді басылымдар мен Елбасының еңбектері жарияланған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.