Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қалалық орталық кітапханасында «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан кітаптарға арналып «Шығыстың жауһарлары» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
27.12.2013 00:00

«Алтай-Ертіс кітапханасы» - еліміздегі әдебиет саласынының алғашқы көлемді өнірлік жаңа жобасы. Оның іске асуына және көпшілік көңілінен шығуына елімізге танылуына мұрындық болған әрі өзінің қамқорлығын көрсеткен үлкен өнер жанашыры, ұлтжанды аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мырза. Бұл «Алтай-Ертіс кітапханасы» тұсаукесеріне қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік униветситетінің филология факультетінің 4-курс студенттері, Гуманитарлы-экономикалық колледж студенттері, сонымен қатар танымал әдебиетші, сыншы, өнер зерттеуші, ақын Төкен Ибрагимовтың қатысуымен өтті.


1 3

Мәдени іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпаққа өңірімізде дүниеге келген халқымыздың біртуар тұлғалары, ардақты ақындары, қарымды қаламгерлерінің өмірімен және шығармашылықтарымен таныстыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеп насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкері биылғы «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан 20 таңдаулы туындыларына, жеке жинақтарына, соның ішінде қазақ әдебиетінің кемеңгері, дана Абай шығармаларының маржан сөздерімен, тамаша жинақтарымен бастау алған туындыларға тоқталып, басқа да тамаша, дарынды қаламгерлеріміздің мұралары жайында баяндап берді.


2«Алтай-Ертіс кітапханасының» екінші топтамасына Қ. Қайсенов, О.Бөкей, М.Сәрсеке, Қ.Жұмаділов, Т.Жұртбай, М.Ибраев, Б.Жақып, М.Қабанай, Т.Әбдікәкімов т.б. сынды қарымды қаламгерлердің шығармалары енгізілді.

Сонымен қатар заманауи техниканың көмегімен жасаған ақын-жазушылардың қанатты сөздерінен арнайы дайындалған «Шығыстың рухани мұрасы» атты көлемді слайдтар тұсаукесері көрсетілді.

Шақырылған қадірлі қонағымыз Төкен Ибрагимовке студенттеріміз, өздерінің сұрақтарын қойып, қаламгердің шығармашылығы мен жан-жақты таныса отырып, көптеген мағлұмат алды.

Шара барысында, Гуманитарлық - экономикалық колледж студенті Зейнешова Аяулым көркем сөздің шебері, өр Алтайдың ақиық жазушысы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінен монолог оқыса, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік униветситетінің филология факультетінің 4-курс студентті Шеризат Арман жерлес ақынымыз Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Қара шал» өлеңін тебірене жеткізді. Мәдени іс-шараға белсенділік танытып қатысқан жастарға қадірменді қонағымыз Төкен Ибрагимов өз қаламынан шыққан «Жер әңгімеші» атты кітабын сыйға тарту етіп, алғыс-тілегін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен шыққан жинақтар оқырман жастарымыздың рухани илігіне айналады деген сеніміміз мол.

4