Жасөспірімдерге жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу, жылдың ерекшелігін түсіндіру мақсатында «Орфей» клубы аясында «Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!» атты жаңа жылдық шашу Қалалық орталық кітапханада өткізілді.
27.12.2013 00:00

Шара басында кітапханашы Жаңа жыл жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы мереке екенін айтып өтті.

Жаңа жыл бұл өте әдемі, ғажап мейрам. Ол көшпенділердің де байырғы мейрамы. Шығыс елдері үшін жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қантардың 1-інде І Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, І Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамының таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғаның, Жаңа жылдың - көшпенділердің де байырғы мейрамы екеніндігі жөнінде мағлұмат берді.

Мәдени іс-шара барысында «Орфей» клубы мүшелері арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Гуманитарлық-экономикалық колледж 1 курс студенттері Жапарова Талшын, Бекболат Марал өз шығармашылықтарынан көпшілік қауымға жаңа жылдық өлендерімен, Аскерханова Альмира, Тәукебаева Балғын орындауларындағы әсем әндерімен көрермендерге мерекелік көніл-күй сыйлады. Мерекеге жиналған барлық жұртшылыққа клуб мүшелері Жаңа жылға бақыт, жаңа бастамалар мен еңбекке зор табыстар тілеп, өз құттықтауларын жеткізді.