Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ШҚО әкімдігі «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі» 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жылды жарқын қарсы алайық!» атты ертегі-концерт өтті.
27.12.2013 00:00

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ШҚО әкімдігі «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі» 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жылды жарқын қарсы алайық!» атты ертегі-концерт өтті.

Шараның мақсаты:

  •  оқушылардың эстетикалық талғамын, қиялын арттыру, өнерге баулу, мерекелік көңіл – күй сыйлау;
  •  Ертегі кейіпкерлерін викторина ойындары арқылы таныту; қысқы табиғаттың әсемдігін сезіндіру;
  •  Жаңа жыл мерекесі, Аяз ата, Ақшақар кейіпкерлері туралы түсіндіріп, мерекелік әсер қалдыру.

 

1 2

 

 

Ертегі концертті кітапхана қызметкерлері ертегі кейіпкерлеріндей киініп өздері дайындағын қойылыммен бастады. Зал алдын ала безендірілді. Зал ортасына жасыл шырша орнатылып, кітапхана қызыметкерлері театрландырылған қойылым көрсетті. Шара барысында жалмауыз кемпір, алтын балық, түйме қыз бейнесін сомдаған кітапхана қызметкерлерінің көрінісін, әдемі жаңа жылдық маскарадтық киімдер киіп қатысқан балалар қызыға тамашалады. Бүлдіршіндерді қызықтырарлық тосын таңғажайып сәттер де, көп болды. Әртүрлі аңдар бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері ертеңгілікке қонаққа келіп, балалармен бірге ойын ойнап, би билеп, ән айтып Аяз Ата мен Ақшақардың жұмбақтарын шешті. Сондай-ақ экраннан ойнатылған «Ертегі кейіпкерлеріне саяхат» атты викториналық ойыны шараны одан ары қыздыра түсті.

Кеште аңдар бейнесінде киінген оқушыларымыз әндерімен, қыздар мың бұралған билерімен мерекелік кешті қыздыра түсті. 1 сынып оқушылары Саққұлақ, Тышқан, Айдаһар болып киініп, дайындаған көріністерін көпшілікке тарту етті. Өнерлерін көрсеткен оқушыларымызға Аяз ата қоржынынан сыйлықтарын ұсынып, батасын берді. Соңынан Аяз атамыз бен Ақшақарымызды да әсем ән-билерімізбен шығарып салып, мереке би кешіне ұласты.

Көптен күткен шырша мерекесі оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, үлкен әсер қалдырды

Сонымен қатар аталған кітапханада балалардың ой-қиялын дамыту, эстетикалық талғамын жетілдіру мақсатында «Жаңа жылым - жақсылыққа жетеле» атты көрме-викторина ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған Жаңа жылға байланысты кітаптар, газеттер мен журналдарды кітапханашы оқырмандарға таныстырды. Шараға №6 гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты.

3