№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Желтоқсан желі» атты тарихи кеш №27 мектептің 9 «а» сынып оқушыларымен өткізілді.
21.12.2013 01:04

Кештің мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күресіп, Желтоқсан құрбаны болған ерлердің өмірі, ерлігі жайында түсіндіру. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, тарихта болған оқиғалардың мәнін түсінуге, ұлтжандылыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Кештің басында кітапханашы қазақ халқының ең соңғы өліп-тірілуі, халқымыздың қайғы-қасіретіне айналған, сонымен бірге мақтанышына айналған Алматыда 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі туралы, желтоқсаншылардың патриоттық істері туралы әңгімелеп берді.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырлардың өмірбаяндарын, өмірдегі мақсаттарын, үміттерін оқушыларға таныстыра отырып, өмірден жас кеткен Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған жас ақынымыз Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін, Отанға деген сүйіспеншілігі туралы жазылған жыр-шумақтарын оқушылар ерекше сезіммен тебірене оқыды.

Бұдан соң оқушылар 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасы туралы деректі бейнероликті тамашалады. Жалпы тарихи кеш барысында Желтоқсан оқиғасына арналған әндер мен бейнеклиптер қолданыла отырып, «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер таныстырылды.

Кештің соңында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Өздерінің білімдерін жақсы көрсеткен оқушылар: Кулжабаева Диана, Искаков Ризат, Жунусова Зарина болды.


1 2