Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында №34 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
15.12.2013 00:00

 

1Мақсаты: патриоттық тәрбие беру, Желтоқсан құрбандары болған жастардың өмірі және қайсарлығы туралы ақпарат беру.

Кітапхана қызметкері кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат пен міндеттерді айта келе, осы көрмеге қойылған әдебиеттердің әрқайсысын оқырмандарға таныстырып өтті.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде ерекше есте қалған оқиғаларды саралар болсақ, ең алдымен ерлермен қатар қазақ қыздарының қайсарлығы таңқалдырады. Кітап көрмесінде желтоқсаннан бастау алып, тәуелсіздігімізбен жалғасқан еліміздің, халқымыздың тарихынан сыр шертетін әдебиеттер жайында, 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қыздарының қайсарлығы туралы жазушы Болатбек Төлепбергеннің «Желтоқсан қарлығаштары» публицистикалық кітабына оқырмандардың назарын аударып, ерекше тоқталып өтті.

Аталған кітапта Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаһарман қыздардың естеліктері берілген. Кітапханашы бұл кітаптың 4 бөлімнен тұратындығын айтып, әр бөлімімен жеке таныстырды.

1- бөлім:

Ұлт азаттық күрестерден Желтоқсан көтерілісіне дейін

Бұл бөлімде Желтоқсан көтерілісінінің тұтануына түрткі болған жайттар мен кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізілген жастардың ұлт-азаттық күрестері сарапталады. Қазақтың қыздарының қайсарлығы, өжеттілігі, жігіттермен қатар көрсеткен ер мінезділігі айтылады. Бұл тағылым- мәңгілікке тағзым етер бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар.

2- бөлім:

Желтоқсан, қыздар, тағдырлар.

Аталмыш бөлімде Желтоқсанда ерлік пен елдіктің үлгісін көтерген қазақ қыздарының жұртшылыққа таныс та бейтаныс қырлары ашылған. Ол - Желтоқсан шырғалаңында жазықсыз сотқа тартылып, отқа түскен, жігіттерінің артынан іздеп барып, түрменің кермек дәмін бірге татысып, некелерін тар қапаста қиған қазақ қыздарының тағдыры, асқақ рухы.

3- бөлім:

Желтоқсандық қыздар естелігі елдің сырын шертеді

Үшінші бөлімде Желтоқсанның суық ызғарына шалдығып, ажал құшқан қыршын тағдырлар жайында сыр шертіліп, жазықсыз жала жабылып, түрменің кермек дәмін татқан қайсар қыздардың естеліктері беріледі.

4- бөлім:

Қаһарман қыздар қайда жүр?

Бұл бөлімде ерлік пен елдіктің белгісі іспетті желтоқсанда азаматтық ұстанымына адалдық танытқан, мейлінше таныс та бейтаныс қаһарман қыздар есімін нақты айғақты құжаттар арқылы атап көрсетілген. Нақты деректер мен құжаттарға негізделген желтоқсандық қаһарман қыздардың аты-жөндері мен сол кездегі іс-әрекеттері өзек болған тізімдер жарияланған.

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымызға зор алғыс білдіріп, мәдени шара «Желтоқсан желі» бейнебаянымен аяқталды.

2

LAST_UPDATED2