Абдуллин Ришат (1916-1988)
04.12.2013 22:55

abdulin rОпера әншісі.

1916 жылы 14 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

1936 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрыньң сахнасында Тарғын, Думан (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғыны» мен «Дудар-айда»), Амангелді (Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың осы аттас операсында), Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абайында»), Онегин (П.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Жермон (Дж.Вердидің «Травиатасында»), Киазо (3.Палиашвилидің «Даисиінде») партияларын орындап, қазақ опера өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты.

1936, 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты. 1958 жылғы онкүндікте Үлкен театр сахнасында басты рөлді Ришат Абдуллин орындаған «Абай» операсы зор құрметке ие болды.

Өнер әлемінде өзіндік жол қалдырған дарынды дауылпаздың есімі қазақтың музыкалық өнері тарихында мәңгілік жазылып қалды. Оның репертуарынан халық әндерімен қатар замандас композиторлардың туындылары да кеңінен орын алды. Бірқатар шетел театрлары сахналарында өнер көрсетіп, қазақ әнінің қуатын танытты.

ҚР Мемлекетік сыйлығыньң иегері Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Қазақстан (1947) және ҚСР халық әртісі (1967).

1988 жылы 12 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Асабаев, З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз Ришат және Мүсілім [Мәтін] / З. Асабаев // Мәдениет. - 2012. - №10. - Б. 32-36.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері.