Абдуллин Мүсілім (1916-1996)
04.12.2013 22:49

abdulin mОпера әншісі.

1916 жылы 14 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

1936-1965 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрында әнші, 1965 жылдан өмірінің соңына дейін «Казақконцерт» бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.

Өз шығармашылық жолында лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді, мәселен, Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Брусловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» және «Айман - Шолпан»), Ленский (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин»), Серік (М.Төлебаевтьң «Біржан - Сара»), Зілқара (Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың «Амангелді»), Тұяқбай (Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу»), Әзім (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай») тағы басқа кейіпкерлерді сомдаған.

1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ерекше нақышпен орындаған ән-романстары ән өнерінің биігінен көрінген.

Қаазақстанның халық әртісі (1947).

1996 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден озды.

Әдебиет:

Асабаев, З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз Ришат және Мүсілім [Мәтін] / З. Асабаев // Мәдениет. - 2012. - №10. - Б. 32-36.

Қазақ өнері: Энциклопедия / Қазақстан даму институты. - Алматы: Білік баспа үйі, 2002. - 800 б.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. - Б. 186.