Қалалық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде «СПИД-ауруының қоғамға әсері» атты мамандармен кездесу кеші Гуманитарлық-экономикалық колледж студентерімен өткізілді.
04.12.2013 22:36


1Мақсаты: ғасыр дертіне айналған СПИД ауруының алдын алу жолдарын айту, одан сақтану, қорғана білу туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Соңғы жылдары әлем жұртшылығының назары ЖҚТБ дертіне ауып, соған қарсы тұруға күш салынуда. Барша халықты алаңдатып отырған СПИД ауруы - қатерлі дерт. Ол жыл сайын қарқын алып келеді. «Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да, әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру, қоғамға, ел болашығына нұқсан келтіртпей, адамзаттың, қоғамның саулығын қорғау.

Кездесуге қаламыздағы СПИД-ке қарсы тұру орталығының дәрігер-эпидемиологы Құрманғалиева Әлия Болатқызы және «Отбасы орталығы» Қоғамдық қорының психолог маманы Әшімова Назым Қуандыққызы қатысты.

Кездесу барысында мамандарымыз ЖҚТБ қандай ауру екендігін, оның қандай жолмен жұғып тарайтынын әрбір адам нақты біліп, терең түсіну қажет екендігін, қоғамға тигізер зиянды әсері қаншалықты екенін саралап жеткізді.

Шара барысында студенттер тарапынан СПИД орталығының маман-дәрігеріне төмендегідей сұрақтар қойылды:

СПИД ауруы қоғамға қаншалықты қауіпті?

Вирустың сыртқы орта жағдайларына төзімділігі қандай?

СПИД проблемалары мен оның алдын алу шаралары.

Арнайы дайындалған «Ғасыр дерті» атты ашық кітап көрмесіне қойылған тақырыпты досье, мерзімді басылымдар және буклеттермен шараға қатысқан оқырмандарға таныстырылды.