29.11.2013 10:07

            Мақсаты: жеткіншектердің Елбасына деген құрметі мен туған жеріне, халқына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Кітапханашы оқушыларға Ұлт көшбасшысы дегеніміз басқаларды көшбасшылыққа жетелейтін адам екендігін түсіндіре отырып, Елбасының өмірбаянымен таныстырып, оның тәуелсіз мемлекетіне, еліне сіңірген ерен еңбегі жайында баяндады.

            Әрбір елдің тарихында өзінің ерекше аталып өтетін атаулы күндері болады. Қазақстан халқының бірауыздан және ҚР парламентінің шешімімен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні деп жарияланды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетті асқан сенімділікпен, әлеуметтік-экономикалық жағдайын алға жетелей отыруында, елімізде бейбітшілік пен келісімділік өркендеуде деп білеміз. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының жетістікке жетуі Елбасының ерен еңбегінің арқасында деп білеміз.

            Осы ақпараттардың барлығы «Егемендігіміздің тарихи жолы» атты слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен қатар берілді.   Кітапханашылар дайындаған Елбасының өмірбаяны, саяси қызметі, отбасы мен сүйікті істері жайындағы сұрақтарға оқушылар белсенді жауап беріп, Елбасы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

            Тарихи сағат соңында «Елбасы талабы – Қазақстан өркендеуі» атты ашық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

den1 den2
den3 den4