29.11.2013 09:58

            Шараның мақсаты:

  • оқырмандардың Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі, ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы білімдерін толықтыру;
  • тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктермен таныстыру;
  • жеткіншектердің бойына патриоттық сезім қалыптастыру.

            Портрет кеші барысында кітапхана қызметкері Тұңғыш Президенттің өмірбаяны мен қоғамға, мемлекетке сіңірген еңбек жолы туралы айтып өтті. Сонымен қатар ел Президентінің мәртебесі мен Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы орны туралы сөз қозғап, Елбасы еңбектерінде жазылған ойлары мен естеліктері оқылды.

      Ғаламтор арқылы Елбасы жайлы деректі фильм және 20 қараша күні Өскемен қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев. Адам және саясаткер» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты түрде ашылғандығы көрсетілді. Көрмеге президенттік институттың қалыптасу кезеңдері мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатынан сыр шертетін фотосуреттер, Тұңғыш Президенттің жеке заттары мен оған тарту етілген сыйлықтар қойылғандығына тоқталып өтті.

            Сонымен қатар кеш барысында Елбасының сөзіне жазылған «Үш қоңыр», «Город мой» әндердінің бейнероликтері тамашаланып,   Елбасының бастамасымен ашылған оқу орындары жайлы ақпарат берілді.

            Шара соңында «Менің елім - менің Президентім» атты ашық көрмеге шолу жасалып, көреген саясаткер, алғыр басшымыз Елбасының еңбектерімен таныстырылды.

 

nash1 nash2
nash3 nash4