Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Николай Николаевич Носовтың туғанына 105 жыл толуына орай №4 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ең көңілді балалар жазушысы» атты бір автордың суретті кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
28.11.2013 15:19

            Мақсаты: жазушының өмірдерегінен мағлұмат бере отырып, оның шығармашылығын терең, кең көлемде насихаттай келе кітапхана қорындағы автордың еңбектерімен таныстыру.

            Аталған көрмеде жазушының кітаптарымен қатар мерзімді басылымдар бетіне басылып шыққан жазушы туралы мәліметтер және деректер қойылды. Көрмемен таныстыру кезінде оқушыларға «Николай Носов әңгімелеріне саяхат» тақырыбында викториналық сұрақтар қойылып, балалардың дұрыс жауаптары тыңдалды.  

                        Балалар кітап сөресіндегі кітаптарға қарап шығармаларды бірден танып, не туралы жазылған екендігін жарыса әңгімелеп берді. Көрмеге қойылған жазушы кітаптарының көмегі балалардың қойылған сұрақтарға жауап бергенде көп пайдасы тиді.

            Осындай көрмелер көбіне жазушылардың мерейтойларына орай ұйымдастырылады. Бұл жерде жазушының кітаптарымен бірге, жазушы туралы материалдар да беріледі. Көрме қай автордың, қандай шығармалары, қандай мақсатта қойылғанына байланысты әртүрлі оқырман тобына арналуы мүмкін.

pisatel1 pisatel2 pisatel3