20.11.2013 10:46

Қазақстан тұрақтылық пен татулықтың ордасы. Елімізде ұлтаралық татулықтың негізін құрайтын, қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейі толеранттылық – үлкен құндылық екенін жас ұрпаққа жаңғырту мақсатында Қалалық орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде «Төзімділік төрге оздырады» атты тарихи сабақ Шәкәрім атындағы колледж студенттерімен өткізілді.

            Мақсаты: Жас ұрпаққа толерант жайында түсініктеме беру, толеранттылық негіздері бойынша жеке тұлға қалыптастыру.

            Іс - шара барысында кітапхана қызметкері қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты оған енді «толерантты ел» деген сөздің қандай мағынаны білдіретіндігі, толеранттылық ұғымның баламасына орай төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық, саяси мәдениеті деңгейінің айқын көрсеткіші екендігін және бүгінгі күні әлеуметтік және рухани дамудың маңызды шартына айналғаны   жөнінде айтып өтті.

            Сонымен қатар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана төрінде әлемдік дінбасылардың құрылтайын өткізіп, бейбіт өмір тыныштығын сақтау мәселелері төңірегінде қаншама атқарып жатқан қызметтерін   слайд арқылы көрсете отырып, еркін елдегі әрбір азамат білімді терең игеруі арқылы мақсатқа жететіндігін дәлелдей түсті.                     

            Оқырмандар тарихи сабақтан: «Толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек» - деген ой – пікілерін ортаға салды. Тарихи сабақ соңында «Толеранттылық – тарих тағлымы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.