Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі
20.11.2013 10:29

            № 2 кітапхана-бөлімшесінде № 20 орта мектептің 10 сынып оқушылары мен «Нұр Отан» партиясының сараптау бөлімінің басшысы Жақымбаев Мұратқан Қожатайұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі» атты ақпарат сағаты өткізілді.

            «Нұр Отан» партиясының сараптау бөлімінің басшысы Жақымбаев Мұратқан Қожатайұлы жемқорлық туралы еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап алғашқы күннен-ақ мықтап қолға алған қым-қуат шаруаның ең бірегейі де, бастыларының бірі де осы сыбайлас жемкорлық үрдісімен күрес туралы, Президент Н.Ә.Назарбаев егемендігіміздің елең-алаңында-ақ бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын қарастыру, оны түп тамырымен жою жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтқаны жайлы әңгімеледі.

            Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық талай мемлекеттерде үлкен қауіп туғызатын құбылыс. Экономикалық-саяси шолушылардың айтуы бойынша Қазақстанда осы қылмыс кең таралған. Жемқорлық іс-әрекеттер қоғамның барлық саласында бар екенін талай ірі мерзімді басылымдар беттерінен, ғаламтордан, теледидардан   азаматтар ақпаратты алуда. Сондықтан, Елбасымыз сыбайлас-жемқорлықты жою үшін бірталай заңдарға өзгерістерді енгізуді ұсыныс жасаған.

       Шараға қатысқан оқырмандар жемқорлық тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі күні әр азамат осы қылмыстан зардап шегуде, өйткені берген паралардың мөлшерін әрбір өндіруші шығарған тауардың немесе көрсетіп жатқан қызметтерінің бағасына кіргізеді. Жастардың ойлары бойынша, жемқорлықпен бүкіл халық болып белсенді күресу керек. Интеллектуалдық тақта арқылы жемқорлық тақырыбы бойынша электронды тұсаукесер, бейнеролик көрсетілді.

Ақпарат сағатының соңында «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» атты тақырыптық   көрмеге шолу жасалды.

hfghgf hjkjh