ЯРОЦКИЙ ИВАН
14.11.2013 13:12
yarocki

            1916 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Подгорное ауылында дүниеге келген.

            1937 жылы Хасан көлінде, 1945 жылдың қыркүйек айында Қиыр Шығыста жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысты.

            Теңіз жаяу әскері 390-батальонының аға лейтенанты И.Яроцкий 1945 жылдың тамыз айында Солтүстік Кореяны (Сейсин айлағы) жапон империалистерінен азат ету кезінде ерекше көзге түсті. Жауынгерлер бірнеше тәулік бойы самурайлардың шабуылдарына тойтарыс беріп, табандылық көрсетті.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен И.Яроцкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.