ЫСҚАҚОВ ҚАПАЙ
14.11.2013 13:05
iskakov

            1906 жылы бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Майданда 1941 жылдан бастап болған.

            Батыс, Сталинград, 2-Украин майдандарындагы ұрыстарға қатысқан.

            861-атқыштар полкінің бөлімше командирі, сержант Қ.Ысқақов 1944 жылғы 8 наурызға қараған түнде Молдаван КСР-і Петрешты ауылының түбінде жауынгерлерімен бірге күштері өздерінен басым жаудың бірнеше қарсы шабуылының бетін қайтарды.

            Касель ауылының түбінде (Чехословакия) болған айқастарда ерекше көзге түсті.

            Ленин орденімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен сержант Қ.Ысқақовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.