ШУЛЯТИКОВ ВАСИЛИЙ
14.11.2013 12:56
shylyatnikov

             1917 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Большенарым ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1941 жылы аттанды.

65-атқыштар корпусы 123-жеке байланыс батальонының телефон-кабель ротасы бөлімшесінің командирі болған.

            163-Ромны атқыштар дивизиясының құрамында Прибалтикада, Солтүстік-Батыс, Дала, Воронеж, 1 және 2-Украин майдандарында соғысқан. Ромны, Прилукиді азат етуге қатысқан, Днепрден өткен.

В.Шулятиков болған жерлерде байланыс үзіліссіз жүмыс істеген.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен В.Шулятиковке Кеңес Одагының Батыры атағы берілді.