ШЕЛИХОВ НИКОЛАЙ |
14.11.2013 12:32 | |
Майданға 1941 жылы аттанды. Қатардағы жауынгерден рота командиріне дейінгі жолдан өтті. 1945 жылдың сәуір айында Берлинге шабуыл кезінде комсомол Н. Шелихов көшелерде болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 23-Қызыл тулы Днов дивизиясының гвардияшылары қала орталығына ұмтылған болатын. Шеликов ротасының атқыштары дұшпанның 15 шабуылының бетін қайтарып, бірнеше танкті қиратты. Рота алған шебін ұстап қалды, алайда юмандирі Н.Шелихов қаза тапты. I және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Кызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен Н.Шеликовке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |