ШЕЛИХОВ НИКОЛАЙ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
14.11.2013 12:32
shelihov

            Майданға 1941 жылы аттанды.

            Қатардағы жауынгерден рота командиріне дейінгі жолдан өтті.

            1945 жылдың сәуір айында Берлинге шабуыл кезінде комсомол Н. Шелихов көшелерде болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 23-Қызыл тулы Днов дивизиясының гвардияшылары қала орталығына ұмтылған болатын. Шеликов ротасының атқыштары дұшпанның 15 шабуылының бетін қайтарып, бірнеше танкті қиратты. Рота алған шебін ұстап қалды, алайда юмандирі Н.Шелихов қаза тапты.

            I және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Кызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен Н.Шеликовке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.