ШАРАБАРИН НИКОЛАЙ
14.11.2013 12:11
sharabarin

            1907 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Майданға 1942 жылы аттанған.

            Сталинградтан Берлинге дейінгі жауынгерлік жолдан өтті.

Орел-Курск иінінде соғысты, Киевті алуға қатысты.

            1943 жылдың қыркүйек айында алғашқылардың қатарында Днепрден өтті. Дұшпанның қарсы шабуылын тойтару кезінде бөлімшені басқаруды өз қолына алды. Жаудың қол пулеметшілер тобын жойды.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен Н.Шарабаринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.