ХАРИН МИХАИЛ
14.11.2013 11:47
harin

            Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Снегирено ауылында дүниеге келген.

                        Майданға 1942 жылдан бастап барлаушы ретінде қатысқан.

Оның жауынгерлік жолы Доннан Дунайға дейін жеткен.

                        1944 жылдың желтоқсан айында Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Хариннің басшылығындағы барлаушылар тобы алғашқылардың бірі болып өзеннен өтті. Будапешт қаласына жасалған шабуылға қатысты. Көптеген гитлершілдердің көзін жойды, бөлімге талай «тіл» жеткізді.

                        КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен М.Харинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.