ФОНОВ НИКОЛАЙ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
14.11.2013 11:32
fonov

            1911 жылы кейінгі Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданына қарасты Подгорное ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1941 жылдың шілде айынан бастап араласты.

30-атқыштар дивизиясы 59-артиллериялық полкінің зеңбірекшілер командирі болған.

            Брянск, Закавказье, Воронеж және Украин майдандарында соғысқа қатысқан.

            Корниловка   ауылының   маңында   болған ұрыста ерлігімен көзге түсті. Днепрден өтті, Н.Фоновтың зеңбірекшілер тобының дәл көздеуі нәтижесінде 12 фашистік танк жойылды.

            КСРО   Жоғарғы   Кеңесі   Президиумының 1943 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Н.Фоновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Семей қаласына оралды.

            1950 жылы қайтыс болды.