УРЗЛЯ ВЛАДИМИР PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
14.11.2013 11:26
yrzlya

             1917 жылы дүниеге келген.

Соғыстың алдында бұрынғы Семей облысының Белағаш кентінде жұмыс істеген.

            Ұрыста 1942 жылдан бастап болған.

504-миномет полкінің штаб бастығы, майор В.Урзля 1945 жылдың сәуір айында Долна Лгота ауылының (Чехословакия) маңындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Алдыңғы шептегі байқау пунктін қорғау кезінде жараланған ол соңғы оғы қалғанша жаумен шайқасты. Жарақаты салдарынан жау қолына түсіп қалған оны фашистер айуандықпен өлтірді.

            Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен В.Урзляға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.