ТУРОВ ФЕДОР
14.11.2013 11:17
tyrov

            1910 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Майданға 1941 жылы аттанған.

            Тула, Киев түбінде шайқасты.

1943 жылдың қыркүйек айында Днепрден өту кезінде көзге түсті. Днепр арқылы алғашқылардың бірі болып өтті. Жеке өзі 37 гитлершінің көзін жойды.

            Украинаны азат етуге қатысты, Польша мен Германия аумағында соғысты.

            Мәскеуде өткен Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ф. Туровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласына оралды.

Өскемен қаласындагы көшелердің бірі батыр есімімен аталған.

            1974 жылы қайтыс болды.