ТОПОРКОВ ИВАН
14.11.2013 11:13
toporkov

            1920 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Черновая ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1941 жылы аттанған.

12-армиядағы 2-гвардиялық жеке мотопонтондық батальонының командирі болған ол Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті.

Кейінірек Оңтүстік Бугтен, Днестрден, Одерден өтуге қатысты.

            Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен И.Топорковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1966 жылы қайтыс болған.